«Заң жобасы тұтынушылар алдындағы табиғи монополия субъектілерінің жария тыңдаулары мен жылсайынғы есебін өткізу тетіктерін жетілдіруді, табиғи монополиялар субъектілерінің интернет-ресурстарында не болмаса өкілетті органдардың веб-сайттарында желілер жүктемесінің артуы, қуаттылығы және өткізу мүмкіншілігі жайында, инвестициялық бағдарламаларының орындалуы, тарифтік смета туралы ақпараттарды міндетті түрде орналастыруды қарастырады», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
Сонымен қатар құжатта табиғи монополия субъектілеріне электронды нысанда өтінім беру, мүмкіндігін бере отырып, өкілетті органдармен өтінімдерді қарау және шешім қабылдау процедураларын жеңілдету көзделген.
«Сондай-ақ өңірлік энергетикалық компанияларды қоспағанда басқа субъектілердің ағымдық жөндеу жұмыстарына және өзге де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалатын жылдық шығыстар сметасын келісу тәртібін бекіту қарастырылады», - деді М.Құсайынов.