Мәжіліс қарауына ТМД аумағында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру туралы келісім шығарылады
Бюро ұсынысына сәйкес, халық қалаулыларының талқысына «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы шығарылады.
Бұл келісім 2015 жылғы 16 қазанда Бурабай кентінде жасалған. Онда Тараптардың құзыретті органдарының іс жүргізуіндегі дәлелдемелерді ұсыну не процестік әрекеттерді және жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу қажет болатын қылмыстық істер бойынша өзара байланысты қылмыстарды ашу және тергеп тексеру үшін тараптардың аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру қарастырылады.
Келісімде олардың қызметі және қызметін тоқтату мәселелерін реттеу қамтылып отыр. Келісім ратификацияланған жағдайда оны іске асыру теріс әлеуметтік -экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ, республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.