Мәжіліс: Қаржы және бюджет комитеті төрайымы қызметіне Гүлжан Қарақұсова сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның Қаржы және бюджет комитеті төрайымы қызметіне Гүлжан Қарақұсова сайланды.

«Қаржы және бюджет комитеті төрағайымының қызметіне депутат Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Бұл ұсынысқа дауыс берген депутаттар оның кандидатурасын толықтай қолдады.