«Аталған меморандумның мақсаты - БҰҰ-ның Ливанда орналасқан Уақытша күштер сапындағы үндістандық бальон құрамында қазақстандық бітімгерлік контингентті өрістетіп, осы контингентке қолбасшылық ету, басқару және қатамасыз ету жұмыстарын жоспарлау мен жүзеге асыруға қажетті шараларды, сондай-ақ Қазақстан мен Үндістан арасындағы келісімдерді рәсімдеу болып табылады. Маусым айында Парламент депутаттары палаталардың бірлескен отырысында бұл мәселені бірауыздан қолдаған болатын. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман.
Бұдан бұрын хабарланғандай, маусым айындағы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның 120-ға жуық әскери қызметшісі Ливандағы миссияға қатысатыны мәлім болды.
Сонымен қатар, Қазақстан әскерилері Ливандағы бітімгерлік миссиясына әзірленіп жатқандығы осыған дейін айтылған еді.