Келісімге 2011 жылдың 22 маусымында Мәскеуде қол қойылған. Құжатқа сәйкес, Кеден одағына мүше мемлекеттер басқа тараптардың аумағында кеден қызметінің өкілдіктерін құра алатын болады. Ал ондай кеден қызметінің өкілдігі сол өкілдік құрылған тараптың заңнамасы негізінде әрекет етеді. «Кеден қызметінің өкілдігін оның басшысы басқарады, сондай-ақ ол болатын елдің кеден қызметі алқасының мүшесі болып табылады», - дейді Қаржы министрі Болат Жәмішев.
Заң жобасына сәйкес, кеден қызметтерінің өкілдіктерін қаржыландыруды өкілдік ететін әр тарап өздері жүзеге асырады. Тараптар кеден қызметінің өкілдігін өтеусіз, тепе-тең негізде қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер қабылдайды.