Отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың айтуынша, аталмыш хаттама 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде Кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалды. Хаттаманың бірінші бабына сәйкес Кеден одағының және оның органдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Кеден одағының комиссиясы жекелеген мәселелер бойынша тараптардың ұсыныстарын қарау мен ұстанымдарын келісу, сондай-ақ тиісті комиссияға ұсынымдар даярлау үшін үйлестіруші және консультативтік органдар құруға құқылы.
Сондай-ақ хаттаманың екінші бабына сәйкес комиссияның міндетті сипаты бар шешімдері ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Заң жобасын отырыс барысында депутаттар бірауыздан қолдады.