«Заң жобасына сәйкес, Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2019 жылы 2 трлн 450 млрд теңге, 2020 жылы - 2 трлн 300 млрд теңге, 2021 жылы 2 трлн теңге соммасында белгілеу қарастырылуда», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
«2019-2021 жылдарға белгіленген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің көлемі Ұлттық қордағы қаражаттың тиісті қаржы жылының соңына ЖІӨ-нің болжамды мәнінен 30 пайыз мөлшерінде төмендемейтін қалдық бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз етеді», - деді ведомство басшысы.
Өз кезегінде Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов заң жобасын қарауға дайындық барысында Мәжілістің комитеттері оң қорытындыларын бергенін атап өтті.
Осыған дейін азалық ставканың жаңа деңгейі теңге активтеріне сұранысты арттыратындығы хабарланды.