«Біріншіден, заң жобасында мақсатты топтардың қажеттіліктеріне талдау жасау, зерделеу және ҮЕҰ ұсыныстары негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру процесінің бірыңғай тәсілдері белгіленген. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары мен оларға жұмсалатын қаржы көлемін қалыптастыруда түрлі тәсілдер қолданады. Алайда мақсатты топтардың қажеттіліктері тиісті деңгейде есепке алынбайды. Құжат ясында «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру» түсінігі енгізіледі. Қалыптастыру процесі заңға тәуелді актілермен анықталатын болады және тұрғындардың қажеттіліктерін есепке алады», - деп атап өтті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.
Оның сөзін қарағанда, азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстарды жіберу арқылы аталған процеске белсенді қатысу мүмкіндігі заң жобасында көзделген маңызды жаңалықтың бірі болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларының іске асырылуы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау туралы ақпарат халыққа қолжетімді болады.
«Осылайша, уәкілетті органның интернет ресурсында мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары жарияланатын болады. Ал, барлық мемлекеттік органның интернет ресурсында жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары мен іске асырылу қорытындыларының бағасы жарияланады», - деп түсіндірді министр.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қалыптастырылуы бойынша толық нұсқаулық Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, нәтижелерін бағалау мен мониторингтеу қағидаларында көрсетілетін болады.
«Екіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды енгізу жоспарлануда. Ол халыққа көрсетілген қызмет сапасына қанағаттану деңгейі мен жоба тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Екі кезеңнен тұратын жоба аяқталғаннан кейін тікелей бағалау жүргізілетін болады. Бірінші кезеңде ақпарат жинау, ал екінші кезеңде алынған деректерге талдау жүргізіледі. Жоба сипатына қарай бағалау ішкі (мемлекеттік органның қызметкерлерімен) және сыртқы (сыртқы сарапшылармен) болуы мүмкін. Бағалауды өткізу тетіктері Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, мониторингтеу және нәтижелерін бағалау Қағидаларында айқындалады», -деді Нұрлан Ермекбаев.
Бұдан бөлек, үкіметтік емес ұйымдар көрсететін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапасына, шарттарына, мазмұнына бірыңғай талаптар немесе стандарттар, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды бағалау критерийлерін енгізу ұсынылады.
«Министрлік үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін барлық қызметтердің түрлерін талдады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарының бірнеше түрі ұсынылады. Стандарттарды енгізу - үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсететін қызметтерінің сапасын және олардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - ведомство басшысы.
Статистикалық мәліметтерге сай, үкіметтік емес ұйымдар саласында 29 мыңнан астам адам қамтылған. Елімізде ҮЕҰ секторын мемлекет тарапынан қолдаудың келесідей механизмдері қалыптасып, жұмыс істейді, ол: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және сыйлықақылар.
https://kaz.inform.kz/news/kazakstandagy-ukimettik-emes-uyymdar-29-mynnan-astam-adamdy-kamtyp-otyr_a3139141