Мәжіліс командасы жарыс жеңімпазы атанды

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Астана қаласындағы «Алатау» спорт сарайында Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуымен Наурыз мейрамына арналған шағын футболдан турнир өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Өте тартысты өткен ойынның қорытындысында Мәжілістің командасы бірінші орынды жеңіп алып, кубокқа ие болды. Екінші орынды «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының қызметкерлері иеленсе, Парламенттің Шаруашылық басқармасының командасы үшінші орын алды.Мәжіліс депутаты Ромин Мәдинов үздік қақпашы жүлдесіне ие болды. Шағын футбол алаңында депутаттар Берік Бекжанов пен Ерболат Әпсәлямов шебер ойнап, бірнеше голдың авторы атанды.