І.Бақтыбаев 2014 жылғы 5 наурызда Мәжілістің қаулысымен Конституциялық Кеңес мүшесі болып тағайындалған болатын. «ҚР Конституциялық Кеңес туралы» заңына сәйкес, Конституциялық Кеңес мүшесінен босату туралы өтініш берілген жағдайда оны тағайындаған орган (ҚР Президенті, Парламент Сенаты немесе Мәжіліс) оның өкілеттігін тоқтатады.
Осыған орай, Парламент Мәжілісі Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылдады.