деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжіліс Мемлекет басшысы шұғыл деп жариялаған кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын мақұлдады. Бұл құжат кейбір ставкаларды және салық салу талаптарын өзгертті. Сондай-ақ салық салуды қолдану тәжірибесіне сәйкес жекелеген ережелері нақтыланды. 2009 жылғы деңгейдегі корпорациялық табыс салығы бойынша 20 пайыз мөлшеріндегі қолданыстағы ставканы 2010-2012 жылдары ұзарту көзделді. Жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына арналған салық төлеу мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Сонымен қатар, «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлданды. Және де «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы да депутаттық корпус тарапынан қолдау тапты.