«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлданды.
Құжаттың көздейтіні заңнамалық актілердің нормаларын Мәжіліс мақұлдаған «Мемлектетік шекара туралы» заң жобасына сәйкес келтіру болып табылады. Бұдан бөлек, заң жобасының мақсаты құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою болып табылады. Құжат Елбасының жүктеген тапсырмаларын орындау шараларын да қарастырады. Бұл ретте құқық қорғау органдарына қатысты өткізіліп жатқан аттестация секілді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылық құрамын жаппай аттестаттаудан өткізу қамтылып отыр. Осыған орай ҰҚК аумақтық орган басшыларының өкілдері комиссия құрамына енеді. Сонымен қатар, еліміздің шет елдердегі мекемелерін күзету бойынша функцияларын «Сырбар» сыртқы барлау қызметінен Шекара қызметіне беру шаралары да көзделеді.
Тоқтала кететін жайт, Елбасы тапсырмасына сәйкес, аттастаттау келер жылдың қаңтар айынан басталады.