Қарыз туралы келісім «Шетпе-Ақтау» автожолының шамамен 170 шақырым учаскесін (632,3 шақырым мен 802 шақырым аралығында) жаңартуды қаржыландыруға 371,3 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беруді көздейді.
«Бейнеу - Ақтау» автожолын жаңарту республика мен Маңғыстау облысының аумағы арқылы халықаралық көлік қозғалысына жол ашады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.