«ҚР Конституциясына және «ҚР Парламенті және оның депутаттары туралы» заңға сәйкес, қайтыс болуына байланысты О.Б. Мұхамеджановтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны қарауларыңызға ұсынамыз», - деді аталған мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова.
Естеріңізге сала кетейік, көрнекті мемлекет қайраткері Орал Байқонысұлы Мұхамеджанов 15 қазан күні, 65 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ол 1948 жылдың 11 қарашасында Қостанай қаласында дүниеге келген. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген саясаттанушы ҚР Парламент Мәжілісінің 3-4-шақырылымдарының төрағасы болды. Оған дейін ел Үкіметінде, ҚР Президентінің әкімшілігінде түрлі қызмет атқарды. Соңғы қызметі ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болатын.