Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 қарашадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған форумда берген тапсырмаларын орындауға бағытталған болатын. Бұл ретте мемлекеттік әкімшілік органдарының бақылау мен қадағалауы бір жағынан мемлекеттік басқаруды, екінші жағынан заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерін білдіреді. Сонымен қатар, құжат институционалдық ұйымдастыру және осы қызметтің мазмұны жағынан, тексерушілер мен тексерілетіндердің тікелей байланыстары жағынан да өзекті болып табылады.
Заң жобасымен мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметінің жалпы мәселелерін реттеуге және оның негізгі қағидаларын белгілеуге бірыңғай құқықтық негіз қалыптастыру көзделеді. Бұл ретте құқықтық реттеуге қатысты жеке салалардың ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді салалық заңнамалық актілерде қалдыру ұсынылады. Құжат бойынша мемлекеттік органдардың тек шаруашылық субъектілері ғана емес, органдардың өздеріне қатысты бақылау және қадағалау функцияларын іске асыру тәртібін жетілдіру қарастырылған. Сонымен бірге, алғаш рет заңды түрде «бақылау» және «қадағалау» ұғымын ажырату шаралары көзделеді. Бұдан бөлек, заң жобасында тексерулерді ұйымдастыру, жүргізу тәртіптері қарастырылады. Заң жобасымен бақылау және қадағалау түрлері белгіленеді. Бақылауға жататын субъектілерге тексеруді жүзеге асыру мәселелері реттеледі.