деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасына Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары бастамашылық жасаған болатын. Заң жобасының негізгі мақсаты желілік мұнай құбырларына санкцияланбаған ойықтар орнату жолымен жүзеге асырылатын мұнай ұрлауға қарсы күрес шараларын жүзеге асыру болып табылады. Мұндай ұрлық тәсілі құбыр жүйесінің қауіпсіздігіне, елдің, мұнай және мұнай-көлік компанияларының экономикалық мүдделеріне елеулі қатер төндіреді. Мұнайдың жер үстіне төгілуі салдарынан қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіріледі.
Бұдан бөлек мұндай ұрлық мұнайдың экспорттық жеткізілімінің тұрақтылығын бұзуға жағдай жасайды. Энергия ресурстарын сенімді беруші ретіндегі Қазақстанның іскерлік беделіне зиян келтіреді. Сонымен бірге, қазақстандық жобаларға қатысатын шетелдік компаниялардың алаңдаушылығын туғызуға әкеп соғады.
Құжатты екінші оқылымға әзірлеу барысында палата депутаттары заң жобасының жекелеген нормаларын жетілдіруге, оның ережелерін басқа заңдарға сәйкес келтіруге, сондай-ақ жобаның мазмұнын жақсартуға бағытталған бірқатар өзгерістер енгізген.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.