«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының сенім білдіруіне орай, мен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалдым. Осыған орай, палата депутаттарының алдына мені спикер қызметінен босату туралы ұсыныс қоямын», - деді жиын барысында экс-спикер Н. Нығматулин.
Аталмыш ұсынысты Мәжіліс депутаттары бір ауыздан қолдап дауыс берді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұрлан Нығматулин ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған болатын.