Мәжіліс отырысы Минскідегі лаңкестіктен қаза болғандарды үнсіздікпен еске алудан басталды

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары өз жұмысын Беларусь астанасы Минск метрополитен стансасында болған лаңкестік жарылыстан қаза тапқандарды еске алудан бастады.

«Минскіде лаңкестердің қолымен жасалған жауыздықтан бірнеше адамның өмірі қиылып, тағы біразы ауыр жарақат алды. Осы қайғылы оқиғаға орай Мәжіліс депутаттары атынан Беларус Парламенті басшыларына сол елдің халқының қайғысына ортақ екенімізді білдіріп, жеделхат жолдағанбыз. Ал бүгінгі жалпы отырысты сол террористік актінің салдарынан қаза тапқандарды еске алып, үнсіздік жариялауды бастаудан ұсынамын»,-деді Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов жиынды ашып сөйлеген сөзінде.