«Осыған орай, интернет пайдаланушылар әр сәрсенбі сайын parlam.kz сайты арқылы біздің отырысымызды қарай алады. Бұл әрине біздің жұмысымыздың ашық және қолайлы болуына өз ықпалын тигізетін болады», - деді спикер Н. Нығматулин.
10:06, 30 Мамыр 2013
Мәжіліс отырысы онлайн режимінде де таралатын болды - спикер Н. Нығматулин
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы интернет арқылы тікелей онлайн режимінде де таралатын болды. Бұл туралы бүгін палатаның жалпы отырысында спикер Нұрлан Нығматулин мәлім етті.