Мәжіліс: Палатаның кезекті Бюро отырысы өтті

None
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте  Палатаның кезекті Бюро отырысы өтті, деп хабарлайды   Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Салалық комитеттердің баяндамаларын тыңдай келе Бюро Мәжілістің алдағы сәрсенбіде болатын жалпы отырысы күн тәртібінің жобасын қалыптастырды.

Парламентшілердің талқылауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымға шығарылатын болады.

Сондай-ақ, осы отырыста «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қосымша түзетулерімен екінші оқылымда талқыланады деп күтілуде.

Күн тәртібінің жобасы бойынша салалық комитеттердің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі туралы да қарастырылатын болады.