Мәжіліс пен мәслихатта жастар көбірек болуы тиіс – Тұңғыш Президент

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттары арасында жастар көбірек болуы керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партия өзінің жас буынына қашан да зор көңіл бөліпкеледі. Төртжыл бұрын 2020 жылға дейінгі «Жастар Отанға» деген бағдарламаны қабылдағанболатынбыз. Биылғы жыл – Жастар жылы деп жарияланды. Алайда, қолдау шаралары жеткілікті дәрежедекүткен нәтижені берген жоқ. Шешілмеген сұрақтар көбейіп кетті. Жемқорлық,баспана мәселесі, жұмысқа тұру – партия бұл мәселелердің барлығын назарына алуы тиіс. «Бес әлеуметтік бастама» аясында жатақханалардағы орындардыңжетіспеушілігі мәселесін шешу көзделген еді. Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысы Асқар Мамин)бұл жұмыстың жүргізіліп жатқанын баян етті. Бірақ, жұмысты әлі де күшейтукерек. Жатақханалардағы орын жетіспеушілігін шешу қажет«, - деді Елбасы «Nur Otan»партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен кейін орнынанкөтерілген Премьер-Министржатақхана құрылысы бойынша жұмыс жоспардан артық орындалып жатқанын айтып өтті.

Одан әрі Елбасы жатақханақұрылысын субсидиялау бағдарламасына тоқталды.

«Бұрынғы Үкіметжатақхана құрылысын субсидиялау бағдарламасын бастаған болатын. Дегенмен, ісжүзінде ол жұмыс жүрмей қалды. Жеке сектор үшін бұл тартымсызболып қалды. Неліктен? Анықтау керек. Жастарды сондай-ақ, жұмыспен және оқуменқамтып, әлеуметтік лифттерді қалыптастыру қажет. Біз қала мен ауылға арнап, бұлмәселелердің шешімін қабылдағанбыз. «Ауылғабарсаңдар, арнайы мамандық береміз»дедік. Жұмыспен қамтитынымызды айттық. Ауылда жұмыс істегісі келгендер үшінмикронесиелер бар. Жұмысы жоқтар микронесие ал да, екі сиыр сатып алып, өзіңдіасыра! Артық сүтті сатып, ақша тап! Тамағыңа тап та, қалғанын базарға апарыпсат. Біліміңмен істе. Біз істеп жатқан шаруа әлемнің ешбір жерінде жоқ», - дедіЕлбасы.

Тұңғыш Президенттіңайтуынша, жастарды тиімді түрде жұмыспен қамту жүйесінде кемшілік бар.

«Бізде нашар жұмыс, жалқаулық бар. Мәжіліс пенмәслихат депутаттары арасындажастар көбірек болуы тиіс. «JasOtan» – жастардыбіріктіруші орталыққа айналуы қажет»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар