«Өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға оң ықпал етті. Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік», - деді Мемлекет басшысы.
10:27, 15 Қаңтар 2021
Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді – Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұл туралы 7-інші шақырылған Парламенттің алғашқы отырысында Президент Қасым Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.