Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушілікті қос Палатадан құрылған келісім комиссиясы шешіп берді
18:13, 11 Наурыз 2009
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Тауар биржалары туралы» заң жобасының кейбір баптары бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушілікті қос Палатадан құрылған келісім комиссиясы шешіп берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Келісім комиссиясының шығарған қаулысында 12 түзету бойынша мәселе қаралғаны жазылған. Мәжіліс депутаты, қос Палатадан құрылған келісім комиссиясының төрағасы Сатыбалды Ибрагимов заң жобасының баптары мен тармақтары жетілдіріле түскенін жазған. Айта кету керек, заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының қазіргі талаптарына және қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауар биржаларының қызметін реттейтін заңнаманы сәйкес келтіру болып табылады.Заң жобасында биржа саудасының қағидаттары, тауар биржаларының ұғымы және оны бұзғаны үшін жауапкершілік тәртібі белгіленген. Тауар биржасының ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны бекітіліп берілген.