Мәжіліс «Пробация туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Пробация туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутат Светлана Бычкованың айтуынша, заң жобасына пробация институтын ары қарай жетілдіруге бағытталып отыр. Дәлірек айтқанда құжат осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және пробация ұстанымдары түсінігін бекітуге негізделген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, заң жобасында сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробациялаудың екі жаңа үлгісін енгізу көзделеді. Сотқа дейінгі пробациялау күдіктінің мінез-құлқын түзетуге, оның қайтадан қылмыстық құқық бұзушылық жасауына жол бермеуге бағытталған әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге негізделеді. Ол кәмелеттік жасқа толмағандарға, зейнеткерлік жастағы әйелдерге, жүкті әйелдерге, сонымен бірге үш жасқа дейін баласы барларға, мүгедектерге, 63 жастан асқан азаматтарға, үш жасқа толмаған баланы жалғыз тәрбиелеп отырғандарға қатысты қолданылады. Ал пенитенциарлық пробация қылмыстық атқару жүйесі мекемесінен бостандыққа шығатын сотталушыны қоғамға бейімдеу мақсатын көздейді.

Заң жобасы «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасының 33-қадамын орындау аясында әзірленеді. Онда пробация институтын әрі қарай жетілдіруге, атап айтқанда, осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және пробация ұғымдарын, қағидаттарын, субъектілердің құзыреттері мен фунцияларын, осы қызмет пен пробацияға жататын адамдардың мәртебесін айқындауға бағытталған.