Мәжіліс регламентіне толықтырулар енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар палатаның регламентіне толықтырулар енгізді.

Регламентке енгізілген толықтыруларға орай, жалпы отырыста саяси партияның атынан сөз сөйлеушіге міндетті түрде сөз беріледі, ал жарыссөз тоқтатылғаннан соң депутаттық бірлестіктер мүшелеріне сөз беру міндетті норма ретінде енгізілген. 
Атап айтқанда, Мәжіліс регламентінің 14-тармағы бойынша жалпы отырыста жарыссөзге бөлінген уақыт аяқталғанда не жалпы отырысқа қатысып отырған депутаттар көпшілігінің шешімі бойынша тоқтатылып, дегенмен сөз сөйлеуді талап ететініндерге қатысып отырған депутаттардың көпшілігі келіскен жағдайда ғана оған сөз беретін еді.
Енді регламенттің осы тармағы «саяси партия фракциясының, депутаттық топтың атынан сөз сөйлеушілерге міндетті түрде сөз беріледі» деген толықтыру енгізілді. Бұдан бөлек, 161-тармақтың 6-тармақшасына сәйкес, депутаттық бірлестіктердің мүшелері саяси фракциясының, депутаттық топтың атынан жарыссөз тоқтатылған кезде депутаттық бірлестіктің атынан сөз сөйлеуді талап етуге құқылы еді. Жаңа толықтыруларға сәйкес, депутаттық бірлестіктің атынан сөз сөйлеушілерге бұндай талап ету құқығынан бөлек, оған міндетті түрде сөз берілетін болып отыр.