АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті төрағасы қызметіне Роман Скляр сайланды.
«Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті төрағасы қызметіне депутат Роман Васильевич Склярдың кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Бұл ұсынысқа дауыс берген депутаттар оның кандидатурасын толықтай қолдады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.