Мәжіліс сайлауын өткізу туралы шешім халықтың пікіріне негізделген - П. Казанцев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжілісте кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім халықтың пікіріне негізделген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары Павел Казанцев мәлім етті.

«Осы шешімді қабылдау үшін Президент қандай үлкен жұмыстар жүргізгенін көріп отырмыз. Соңғы аптаның барасында ауқымды консультациялар мен келіссөздер жүргізілгенін байқадық. Яғни, бұл шешім халықтың шынайы лебізіне негізделген. Ал бұл пікірдің басым бөлігі кезектен тыс сайлауға қолдау көрсету мәселесіне ынталы», - деді П. Казанцев.

Оның сөзіне қарағанда, бұндай пікірді федерацияның екі миллионнан астам мүшесі де ұстанып отыр. Бұл тұрғыда 18 салалық кәсіподақтар қамтылған.

«Қарапайым еңбеккерлер алдағы ахуалға алаңдайтыны белгілі. Олар Ұлт Көшбасшысына сенеді. Елбасы осы қиын кезеңді еңсеру шараларын өзі бастап, әлемдік дағдарыстан қуатты болып шығуымызға жетелейді. Сондықтан олар Президенттің шешіміне сенім артады. Біз кәсіподақтар қазіргі кезде нақты жұмысқа топталып, оған күш-жігер салу керек екенін жақсы түсінеміз», - деп түйді ол.