Мәжіліс сайлауын жергілікті мәслихат сайлауымен қоса өткізу ұсынылды - Н. Әбдіров

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс сайлауын жергілікті маслихат сайлауымен қоса өткізу ұсынылады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бесінші сайланған Парламентті тарату және жаңа сайлауды тағайындау туралы ҚР Президентінің атына жолданған Үндеуді жариялаған депутат Нұрлан Әбдіров осылай мәлімдеді.

Бүгінгідей жауапты кезеңде Мәжілістің жаңа сайлауы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігінің белгілі бір бөлігін өздеріне алуға даярлығын сан рет мәлім еткен партиялар үшін мемлекет құрылысының жаңа кезеңіндегі жаңа Парламентте өзін тиімді көрсетуге тағы бір саяси мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, биліктің реформалар мен дағдарысқа қарсы шараларын барлық деңгейде үндестіру үшін біз Мәжіліс сайлауын жергілікті мәслихат сайлауымен қоса өткізуді ұсынамыз. Бұл да әлемдік дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Н. Әбдіров.