Құжат азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын тиімді әрі дер кезінде қорғауға бағытталады. Бұл ретте заң жобасында бұйрық арқылы іс жүргізу саласының кейбір дауларын заңды талап қою саласына беру арқылы кеңейтіледі.
Сонымен қатар, Азаматтық іс жүргізу кодексіне бітімгершілік келісім жасасу рәсімін егжей-тегжейлі регламенттеу нормалары да қарастырылып отыр. Дауды бейбіт жолмен шешуге талаптарды ынталандыру мақсатында бітімгершілік келісім жасасу мемлекеттік бажды қайтару үшін негіз болатын тізбеге енгізіледі. Бұдан бөлек, дауды міндетті түрде алдын ала сотқа дейінгі тәртіппен шешетін істер тізбесін бекіту және кеңейту көзделіп отыр.