Сессияны қорытындылаған спикер парламенттік маусымда қабылданған барлық заңдар - бұл заң шығармашылығы үдерісіндегі қос палатаның жемісті өзара іс-қимылының нәтижесі екенін атап өтті. «Қос палатаның әрқайсысы қабылданған заңдардың сапасын арттыруға өз үлестерін қосты. Мәжіліс пен Сенаттың өнімді жұмысына мысал ретінде екі заң жобасының бар-жоғы 24 күн ішінде жедел тәртіппен қабылданғанын атап өтуге болады. Сонымен қатар, осы жедел қаралған екі заң жобасына тек қана депутаттардың өзі аталған уақыт аралығында жұмыс топтарында 775 түзету ұсынып, оның 329-ы қабылданды. Маған аудармашы-синхроншылар айтқанындай, осы күндері көптеген депутаттар тез жұмыс істейтін ғана емес, тіпті шапшаң сөйлейтін де болды», - деді Мәжіліс Төрағасы.
Бұдан бөлек, палата төрағасы сессия барысында Елбасы басымдықпен қарауды тапсырған 4 заң қабылданғанын да атап өтті.