Мәжіліс спикері ҚР Президентінің сайлауында дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов қазақстандық саясаткерлердің арасында алғашқылардың бірі болып кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс берді.

«Жағалау» шағынауданындағы №71 мектепте орналасқан 92 сайлау учаскесіне Мәжіліс спикері зайыбымен 8.15-те келді. Таңертеңгілікте қалың тұман түскеніне және сайлау учаскесінің қашықтау орналасқанына қарамастан сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды.,

Еске сала кетейік, Астанада 254 сайлау учаскесі тіркелген, олардың 189-сы - жергілікті жерлерде және 65 учаске шетелдерде, өкілдіктерде, елішіліктерде және консульдықтарда орналасқан. Астанада 400 мыңнан астам сайлаушы бар.