деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған конвенция 2003 жылғы маусымның 19-ында Женевада қабылданған болатын. Конвенция бойынша өзгеше ережелер көзделмесе, онда теңізшілердің жеке куәліктерін беру ұлттық заңнамада және жол жүру құжаттарын беруге қатысты өзге де нормативтік- құқықтық актілерде көзделген талаптарға бағындырылуы қарастырылады. Бұдан басқа, конвенцияға қатысушы әрбір мемлекет теңізшілердің жеке куәліктерін негізсіз кешіктірмей беруді қамтамасыз ететін болады. Сонымен бірге, құжат конвенцияға қатысушы әрбір мемлекеттің босқындарға немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты халықаралық ережелерден туындайтын өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтірмейді.
Құжат бойынша жағалауға демалысқа шығу үшін теңізшіге виза алу талап етілмейді. Ал бұндай талапты орындауға мүмкіндігі жоқ әрбір мемлекет оның заңнамасында немесе қолданылып жүрген тәжірибесінде негізінен осы талапқа сай келетін рәсімдер көзделуін қамтамасыз етулері тиіс.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.