Мәжіліс Төрағасы әріптестеріне, аппарат қызметкерлеріне және журналистерге ризашылық білдірді

АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қос Палатаның бірлескен отырысында Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов Парламент жұмысы, ең алдымен, депутаттардың жоғары біліктіліктерінің, азаматтық ұстанымдары мен патриоттық сезімдерінің арқасында үшінші сессия барысында да жұмыстың табысты болатынына сенім білдірді.

Бірлесіп атқарған қомақты да тиімді заң шығару жұмыстары үшін  барша әріптестеріне алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс Төрағасы әріптестері атынан депутаттық корпустың жұмысын жоғары кәсіби деңгейде қамтамасыз етіп отырған Палаталар Аппараттарының қызметкерлеріне де ризашылығын білдірді.

«Мемлекетіміздің жоғары өкілді органының заң шығару қызметін біліктілікпен жария еткені үшін Парламентте тіркелген журналистерге де шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілеймін!»- деді Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов.