Мәжіліс Төрағасы Атырауда азаматтарды қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшесі Нұрлан Нығматулин партияның Атырау облыстық филиалында азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Спикердің қабылдауына келгендер «Атырау - Астрахан» жолының жөнделуі, жаңа мектеп салу, тұрғын үйлердің газбен қамтамасыз етілуі басқа да әлеуметтік мәселелерді алға тартты.  

Нұрлан Нығматулин айтылған жайларды заңнамалық тұрғыдан шешу мүмкіндіктерін қарастырып, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен арада болған келісімдердің орындалуын бақылауға алмақ.