Әйелдердің еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени дамуындағы рөліне айрықша тоқталған палата төрағасы тікелей өз әріптестерінің заң шығару жұмысындағы елеулі еңбектеріне айрықша мән берді.
Спикердің атап өтуінше, денсаулық, мәдениет, бюджет және қаржы мәселелерінің қай-қайсы да әрқашан нәзік жандылардың назарында. Сондай-ақ ол әйелдерді қолдау, жан-жақты дамуына жағдай жасау Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Президентіміздің әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жасалатын мемлекеттік деңгейдегі өмірлік маңызды мәселелерді шешуде әсіресе, сіздерге сенім артатыны кездейсоқтық емес», - деген Н. Нығматулин. әйелдер қауымына зор денсаулық пен бақыт тілеп, ақжарма тілегін айтты.