Бүгін Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Е.Қошановтан палата депутаттарының Парламент жұмысындағы белсенділігі туралы сұрады.
«Мәжілісте үш фракция бар. Фракцияларда бұл мәселер қаралып отырады. Осы орайда, әр депутаттың рейтингі бар. Олардың жасаған депутаттық сауалдарына қатысты деректер жинақталып отыр. Сондықтан әр фракцияда депутаттардың белсендігі бағаланады. Менің ойымша, депутаттардың белсенділігі әртүрлі болғанымен, барлығы жұмыс істеп жатыр. Атқарылатын жұмыстардың біразы комитеттер аясында, жұмыс топтарында жүргізіледі», - деді Е.Қошанов.
Бұл тұрғыда Мәжіліс төрағасы Парламенттегі ең негізгі жұмыстар комитеттерде, жұмыс тобында іске асырылатынын нақтылады.
«Ең басты пікірталастар комитеттерде жүргізіледі. Сондықтан комитет отырыстарында көтерілетін мәселелерге назар аудару керек», - деді Ерлан Қошанов.