деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екінші парламенттік сессиядағы Мәжілістің қызметіне тоқталған Палата жетекшісі депутаттық корпустың заң шығарушылық қызметін қамтамасыз етуде белсенділік танытқандары үшін мемлекеттік қызметкерлерге алғысын білдірді. Заңнамалық құжаттарды жетілдіруде алдағы уақытта көңіл аударатын мәселелердің бар екенін айтып өтті.
Мәжіліс Төрағасы мемлекеттік мереке - Астана күнімен құттықтай келіп, Палата Аппаратындағы бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге Алғыс хат табыс етті.