Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін V шақырылған Парламенттің екінші сессиясының соңғы жалпы отырысы барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттық корпустың атынан еліміз журналистерін төл мерекесімен құттықтады.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатын насихаттап, халқымыздың сенімін ақтап, ел алдында, мемлекет алдында атқарып жүрген абыройлы еңбектері үшін өз алғысын жеткізе келіп, алдағы уақытта да Қазақстанымыздың жарқын болашағы жолындағы бірлескен еңбектің табысты жалғасатынына сенім білдірді.

Бүгінгі күні Парламент Мәжілісінде 450-ге жуық журналистер мен 70-тен астам бұқаралық ақпарат құралдары аккредиттелген.