Бұл ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2011 жылғы 2 ақпанда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», - делінген өкімде.
18:24, 31 Қаңтар 2011
Мәжіліс төрағасы О. Мұхамеджанов 2011 жылғы 2 ақпанда ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін, 31 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов 2011 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.