деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүздесу барысында Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты. Өз кезегінде Мирвайс Ясини мырза экономикалық және гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын жеткізді. Айта кету керек, Қазақстан қазіргі таңда ауған еліне бірқатар көмектермен қоса, білім саласында да қолдау көрсетуде. Оның ішінде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында ауған жастарының оқуына мүмкіндік жасалып отыр.
Сонымен бірге, осы күні ЕҚЫҰ-ның Қырғызстан мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен жүздесті.