деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресей мемлекетінен келген мәртебелі мейман әңгімесін «Сіздер әлемге қала салудың таңғажайып үлгісін көрсетіп отырсыздар!»,- деп бастап, өзінің диссертациясының тақырыбы «Ірі қалаларды дамыту» болғанын атап өтті. «Биыл сіздерде егін жақсы екен. Қазақстан нанның елі. Оның дәмі қандай, ұнының сапасы қандай!»,- деп тамсанып қойып, алдағы уақытта электр қуатынан да жәрдем беретіндіктерін де жасырмады.
Азиялық Парламент Ассамблеясының құрамында 39 мемлекет бар, 17 ел бақылаушы мәртебесіне ие. Қазақстан да бақылаушы елдер санатына кіреді. Қазақстандық делегацияға Мәжіліс депутаты Кенжеғали Сағадиев жетекшілік етеді.
Мәжіліс Төрағасы Астанада өтетін осы форум Орталық Азия елдерін алаңдатып отырған көптеген мәселелердің шешімін табуға мұрындық болатынын, алдағы уақытта қатысушы саяси партиялардың ынтымақтастығының дамуына үлес қосатынына сенімділігін білдірді.
Кездесуге Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков пен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашевтар қатысты.