11:03, 11 Сәуір 2009
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Қытайдың қазіргі халықаралық қатынастарды зерттеу институтының өкілімен кездесті
АСТАНА. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов Қытайдың қазіргі халықаралық қатынастарды зерттеу институты директорының орынбасары Цзи Чжиенмен оның өз өтініші бойынша кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Тараптар кездесуінің басты тақырыбы әлемдік дағдарыстан бірлесе шығу жолын қарастыру болды. Ж.Кәрібжанов өз сөзінде Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы «Дағдарыстан ? дамуға» деп аталып, үлкен мақсат ұстанғанын айтып өтті. Қытайлық мейман өз елінде дағдарыстан шығу жолына үш бағыт ұстанып отырғанын жеткізіп, оны таратып айтып берді. Атап айтқанда көрші елдің қолға алған бағыттары ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдап, жеңілдетілген несие беру, ауыл шаруашылығымен айналысатындарға көмек беру, үшіншісі ? құрылыс инфраструктурасын дамыту екен.