Мәжіліс Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов осы Палата Аппаратының мемлекеттік қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Наурыз ? ынтымақ пен бірліктің мерекесі. Халқымыздың теңдігі, еркіндігі мен демократиясының белгісі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін күн. Табиғатты ғана емес, адамзатты да шаттыққа бөлейтін күн.Өткен жылы саяси жүйеде, экономикада және әлеуметтік секторда реформаларды алға бастыратын 100-ден астам заңдар қабылдадық, сапалы да қомақты жұмыс атқардық. Бұл келелі істерді жүзеге асыруға Аппараттың барлық қызметкерлері лайықты үлестерін қосып, белсенділік пен біліктілік таныта білді. Палата басшыларының атынан өздеріңізге рахмет айтқым келеді. Ұлыстың Ұлы күні ? Наурыз шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс-береке сыйласын!»,- деді Жәнібек Кәрібжанов.