Әңгіме барысында парламентаралық өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жайында пікір алмасылды, деп хабарладыМәжілістің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге тараптар қазан айында Қырғызстанда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық бойынша Парламентаралық комиссияның отырысына әзірлік жайында ақылдасты.
Қырғыз Парламентінің вице-спикері қазақстандық парламентшілерді Қырғыз Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырды.
Кездесуді қорыта келе Ж. Кәрібжанов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын әлемдік «Нобель» сыйлығына ұсыну туралы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің жасаған бастамасы Елбасының ядролық қарусыздану мен бейбітшілікті қалыптастыру үрдісіне қосқан үлесін мойындау болып табылатынын атап өтті.