Аталған құжат Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген тапсырмаларды іске асыру мақсатында әзірленген. Бұл ретте заң жобасы ең алдымен төрелік және аралық соттардың қызметін нығайтуға, оның ішінде мемлекеттік соттардың жүктемесін азайтуға бағытталады. Атап айтқанда, заң жобасы арқылы төреліктің және аралық соттың құзыретіне қолданыстағы заңнамада көзделгендей азаматтық-құқықтық шарттардан емес, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы кеңейту ұсынылады.
Мәжіліс мақұлдаған құжатқа Сенат бірқатар түзету ұсынған болатын. Оның біразымен төменгі палата депутаттарының келіспеуінен қос палата арасында келісім комиссиясы құрылған еді. Талқылау барысында депутаттар комиссия ұсыныстарын қолдады.