Аталған құжаттың мақсаты төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру болып табылады. Бұл ретте, аталған соттардың құзіреті қолданыстағы заңда көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық шарттардан емес, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы кеңейтіледі. Сонымен қатар заң жобасына сәйкес, төрелік және аралық сот адамның өмірі мен денсаулығына, жеке өміріне және отбасы құпиясына қол сұғылмаушылыққа, атына берілген құқыққа байланысты мүліктік емес сипаттардағы дауларды қарауға құқылы болмайды. Бұдан бөлек, халықтың аралық сот жөніндегі ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жұмыс істейтін аралық сот қызметінің шарттары белгіленеді.
11:35, 23 Қаңтар 2013
Мәжіліс төрелік және аралық соттың құзіретін кеңейтетін заң жобасын мақұлдады
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.