Мәжіліс Түрікменстанмен стратегиялық әріптестік туралы шартты мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республика мен Түрікменстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан Түрікменстанды жақын көршілес ел және Орталық Азиядағы маңызды әріптес ретінде қарастырады. Мемлекет басшысы Орталық Азия өңірін Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты деп белгіледі. Түркіменстан Қазақстанның Орталық Азияда стратегиялық әріптестікті бекіткен төртінші ел болып саналады. Яғни, бүгінгі күні Қазақстан аталған аймақта барлығымен стратегиялық әріптестік деңгейінде ынтымақтасады», - деп атап өтті заң жобасын таныстырған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев.

Оның айтуынша, қазақстандық-түрікменстандық әріптестік 1993 жылы қол қойылған Қазақстан-Түрікменстан арасындағы Достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық туралы шартқа негізделген. Шарттың мақсаты - екіжақты қарым-қатынастың тығыз әрекеттесуін бекіту болып табылады.

«Тараптар халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, сондай-ақ жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің өзге де көріністеріне ынтымақтастықты кеңейтеді», - деді Ғалымжан Қойшыбаев.

Қойшыбаев өз сөзінде Шарт белгіленбеген мерзімге бекітілгенін және ол ратификациялау туралы грамоталарды алмасқаннан кейін күшіне енетінін атады. Өз кезегінде Түркіменстан ратификациялау туралы шартты 11 қыркүйек күні хабарлаған. Шартқа Түркіменстан Президентінің 2017 жылдың 18 сәуірінде Қазақстанға жасаған сапары барысында қол қойылған.