Мәжіліс Түркі кеңесі Хатшылығының қаржылық қағидалары туралы келісімді жұмысқа алды

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Парламент Мәжілісінің депутаттары «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Хатшылығының қаржылық қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды.

Аталған Келісімге қол қойылу Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Хатшылығының қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу үшін негіз болады. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, келісімнің күшіне енуі саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдени және басқа салалардағы Қазақстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттермен көпжақты ынтымақтастығына жаңа сапа беруге бағытталады. Сонымен қатар, келісімнің ережелері ТМЫК Хатшылығының бюджетін қаржыландыру көздерін, оны қалыптастыру және атқару тәртібін айқындайды.