Мәжіліс Үкімет пен Есеп комитетінің 2008 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебіне маусымның 10-ына дейін қорытынды шығаратын болады
11:48, 20 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 20-cы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Парламент Мәжілісі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне маусымның 10-на дейін қорытынды шығарады.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Есеп комитеті ұсынған бюджеттің орындалуы туралы құжат алты бөлімді қамтиды. Онда «2008 жылғы республикалық бюджет туралы» заңның орындалуына баға беріліп, түрлі түсімдер бойынша тексерістер қорытындысы қамтылады. Бұдан басқа, бюджет шығыстарының орындалуы, бюджеттік қаржы пайдаланылуының тиімділігін бағалау және талдау шаралары орын алған. Сондай-ақ Есеп комитеті өз қорытындысы ретінде қаржы тәртібін күшейтуге, жаһандық қаржы дағдарысы жалғасып жатқан жағдайда мемлекеттің материалдық және қаржылық активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстарын беріп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Мәжіліске ҚР Үкіметінің 2008 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі де келіп түскен болатын. ҚР Конституцияның 53 бабына сәйкес Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджеттің орындалуы туралы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есебі бекітіледі.