Мәжіліс Үкімет түзеткен бюджетті өндіріске алды
13:44, 24 Қазан 2012
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын өндіріске алды.
«Заң жобасы шығыстарды оңтайландыру есебінен бюджеттің кіріс бөлігінің шығындарын жабу арқылы бюджет тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Қаржы және бюджет комитеті осы құжатты қарап, 23 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын»,- деді депутат Гүлжан Қарағұсова.
Еске сала кетсек, кеше Үкімет ағымдағы жылдың бюджет жобасын нақтылап, ол бойынша биылғы тапшылықты 2,5 пайыздан 3,1 пайызға дейін арттырған еді.